«Қазақстан – 2050» атты ұлттық қозғалыс құрылды деп естіп едім. Сол туралы мәлімет берсеңіздер екен. Бұл қозғалыстың мақсаты не, оған кімдер мүше бола алады?
Айгүл ЕРМЕКҚАРА, Алматы облысы
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы бастамашыл азаматтардың мұрындық болуымен Назарбаев университеті жанынан құрылып отыр. Мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті ұстанған саяси бағытты қолдай отырып, елімізді әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосуға күш салу. Жалпыұлттық қозғалыс ұлттық бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім, азаматтық теңдік, тілдердің үштұғырлылығы, төзімділік, мәдени мұра, тұрақты даму, құқықтық мәдениет сияқты құндылықтарды басшылыққа алып әрекет етпек. Қозғалысқа ел дамуына немқұрайлы қарамайтын кез келген жас мүше бола алады. Жаңа ұйымды құрған бастамашыл топтың құрамында жас қоғам қайраткері, кәсіпкер Данат Жумин, ғылыми қызметкер Айша Ысқақова, кардиохирург Дмитрий Горбунов, банкир Мағжан Әуезов, кәсіпкерлер Рүстем Қарымов пен Мұхтар Манкеев, Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, Халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Ғани Нығыметов, Назарбаев университетінің Жер туралы ғылым орталығының директоры Асқар Мұнара, Өскемен титан-магнит комбинатының жетекші инженері Мұхамеджан Мәліков, Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Мақсұт Бақтыбаев және басқалар бар. Қозғалыс жетекшісі – Данат Жумин.
Жалпыұлттық қозғалысты кімдер құрды?
Последние статьи автора