Жалпыұлттық қозғалысты кімдер құрды?

Жалпыұлттық қозғалысты кімдер құрды?

«Қазақстан – 2050» атты ұлттық қозғалыс құрылды деп естіп едім. Сол туралы мәлімет берсеңіздер екен. Бұл қозғалыстың мақсаты не, оған кімдер мүше бола алады?
Айгүл ЕРМЕКҚАРА,
Алматы облысы
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы бастамашыл азаматтардың мұрындық болуымен Назарбаев университеті жанынан құрылып отыр. Мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті ұстанған саяси бағыт­ты қолдай отырып, елімізді әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосуға күш салу. Жал­пыұлттық қозғалыс ұлттық бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім, азаматтық теңдік, тілдердің үштұғырлылығы, төзімділік, мәдени мұра, тұрақты даму, құқықтық мәдениет сияқты құндылықтарды басшылыққа алып әрекет етпек. Қозғалысқа ел дамуына немқұрайлы қарамайтын кез келген жас мүше бола алады. Жаңа ұйымды құрған бастамашыл топтың құрамында жас қоғам қайраткері, кәсіпкер Данат Жумин, ғылыми қызметкер Айша Ысқақова, кардиохирург Дмитрий Горбунов, банкир Мағжан Әуезов, кәсіпкерлер Рүстем Қарымов пен Мұхтар Манкеев, Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, Халықаралық бағдарламалар орта­лы­ғының директоры Ғани Нығыметов, Назарбаев университетінің Жер туралы ғылым орталығының директоры Асқар Мұнара, Өскемен титан-магнит комбинатының жетекші инженері Мұхамеджан Мәлі­ков, Ауыл шаруашылығы министрлігінің депар­тамент директоры Мақсұт Бақтыбаев және басқалар бар. Қозғалыс жетекшісі – Данат Жумин.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста