Бір ғана актер ойнайтын да театр болады дейді, ол қандай? Онда қойылым белгілі бір актерге арналып жазыла ма? Сахнадағы жалғыз кейіпкер көрерменді жалықтырып жібермей ме?
Жайна Балғабаева, Өскемен қаласы
Ғылыми тілде мұны моноспектакль деп атайды. Иә, онда шығарма о бастан-ақ жалғыз кейіпкерге құрылады. Мәселен, орыстың классик жазушысы А.П.Чеховтың «Табактың зияны» атты шығармасы, француз драматургі Жан Коктоның «Адам дауысы» секілді туындылары осы моноспектакль, яки жалғыз актердің театрына арналып жазылған. Оның монодрама, моноопера секілді жанрлары да бар. Орыстың атақты актері Аркадий Райкин осы саланың сақа шебері болған. Оның қойылымынан жалықпақ түгіл жұрт ай бұрын билет сатып алып көретін болған.
Жалғыз актердің театры деген не?
Последние статьи автора