Жалға алынған жерді қалай иемденуге болады?

Мен жер учаскесін жария етуге құжаттарды тапсырғанмын. Ол жерді жалға алғанмын. Бұл жерге шаруашылық жүргізіп, егін егіп, пайдаланып келемін. «Енді оны сатып алыңдар» дейді. Әр азаматқа 10 сотық жер учаскесі тиісті емес пе, не себептен ол жер бізге берілмейді?
Берік СҰЛТАНБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Бұл сұраққа ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Каналбек РАЙЫМБЕКОВ жауап береді:
– «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2006 жылғы заңға сәйкес, жер учаскесін жария ету осы заңда белгіленген мерзімдерде өтті және де аталған заң осы мерзім өткен соң, яғни 2007 жылдың 1 шілдесінде өз күшін жойып отыр. Осы себепті қазіргі кезде жер учаскесін жария ету тоқтатылған. Жария ету барысында аталған заң нормалары бұзылған жағдайда сот органдарына талап арыз түсіруге құқылысыз. Сонымен қатар аталған заң аясында жерді тегін жария ету мәселесі Үкіметтің 2006 жылғы 19 шілдедегі №688 қаулысымен реттелген. Бұл ретте жер учаскелерін тегін жария ету Жер кодексінің 50-бабында көзделген жағдайларда, яғни жер учаскелерінің көлемі:
– жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га;
– бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 га;
– ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін суарылмайтын жерде – 0,25 га және суармалы жерде 0,15 гектардан аспайтын жағдайларда ғана жүргізілген. Осы қаулыға сәйкес, аталған мақсаттар үшін жария етілген жер учаскелерінің көлемі осы көрсетілген мөлшерлерден асқан жағдайда жер учаскесі тек ұзақ мерзімді уақытша жалға беру құқығымен ресімделеді деп белгіленген. Бұл ретте сіздің жоғарыда көрсетілген мөлшерден артық жерді мемлекеттен сатып алу арқылы жер учаскесін өз меншігіңізге алуыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста