Бүгінде зәйтүн мен оның майы қымбат субтропиктік өнім саналады. Зәйтүнді қай елдер көп өндіреді екен?
Бақтияр Қауменов, Астана қаласы
Зәйтүн ағашының ең әуелі грек жерінде пайда болғаны белгілі. Бүгінде ол Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде, Қырым түбегінде, Грузия, Әзірбайжан, Түрікмения, Ирак, Иран, Пәкістан және Үндістан аумағында өседі. Америка, Перу мен Мексикада да зәйтүн өсіретін шаруашылықтар бар. Бұл өнімді өндіруге қатысты ресми статистика осыдан жеті жыл бұрын жүргізілген. Сол кездегі мәліметке қарағанда, әлемде зәйтүн жемісін өндіру жөнінен алғашқы ондыққа Испания, Италия, Грекия, Түркия, Сирия, Марокко, Тунис, Мысыр, Португалия және Ливан енеді. Испания жылына 4,5 млн тонна зәйтүн жемісін өндіреді.
Зәйтүн жемісін қай елдер көп өндіреді?
Последние статьи автора