«Жаяу көкпар» деген қандай ойын?

Өткенде қария кісімен әңгімелесіп отырып, кезінде қазақта «Жаяу көкпар» деген ойын түрінің болғанын білдім. Ережесін Америка футболы, яғни регбиге ұқсаттым. Сонымен, сіздерден сұрайын дегенім – «Жаяу көкпар» деген неғылған ойын?
Думан Танабасов,
Кереку қаласы
Рас айтасыз, «Жаяу көкпар» ойы­нының ережесі аздап регбиге келеді. Сондай-ақ гандбол мен баскетболдың да элементтері кездеседі. Мұнда да ойын қолмен ойналады. Допты аяқпен тебуге тыйым салынған. Бірақ ережесін түсініп, өзі ойынға қатысып көрген жан үшін ұлттық спортымыздың бұл түрі жо­ғарыда аталған спорт түрлерінен де тар­тысты әрі қызықты. Сонымен, «Жаяу көкпарда» ойыншылар екі командаға теңдей бөлінеді. Ал алаңның ұзындығы 50-60 метрді құраса, ені 20-25 метрге дейін созылуы керек. Алаңның тура ор­тасынан сызық сызылады және алаң­ның екі шетінде диаметрі 1,5 метрді құрайтын шеңбер сызылады. Әр шеңберде қос команданың қос қақ­пашысы орналасады. Сөйтіп, ойын сол алаң ортасынан басталады. Тө­ре­ші­нің ысқырығы естіле салысымен екі ко­ман­да­ның капитаны ортада тұрған допты бірінші болып жерден көтеріп, коман­да­ла­сына пас беруі керек. Ойынның мақсаты – командалар допты шеңбердегі өз қақ­па­шыларына жеткізулері тиіс. Допты қақ­пашысына әр жеткізген сайын команда бір ұпайдан алып отырады. Қай команда көбірек ұпай жинаса, сол жеңеді. Ереже бойынша матч кезінде ойыншылар бір-бірін ұстауға, аяқтан шалуға, итеруге бол­майды. Сондай-ақ ойын спортзалда да, да­лада да өте береді. Ғалымдардың ай­туын­ша, бұл ойын осыдан 1000 жыл бұрын қазақ жерінде кеңінен ойналған. Әлбетте, қайта жаңғыртып, рес­пуб­ли­ка­лық, тіпті әлемдік деңгейге шығарсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста