Хоккей спортын жақсы көремін. Сондықтан тарихын да білгім келеді. Жалпы, хоккей атауы қайдан шыққан? Не мағынаны білдіреді?
Қайырлы Жанбатыров, Өскемен қаласы
Спорт мамандары «хоккей» сөзінің пайда болуының бір емес, бірнеше нұсқасы барын айтады. Оның бірі – британдық нұсқа. Олар «хоккей» сөзінің түп-төркінін «хауки» немесе «хоки» сөздерімен байланыстырады. Орта ғасырларда ағылшын графтықтарында егін жинау мерекесін осылай атаған екен. Мереке кезінде егіншілер бас жағы иілген таяқты алып, кішкентай допты қуып ойнаған. Бір қызығы, бүгінгі кезде де АҚШ-тың оңтүстік штаттарында егін науқаны кезінде егіншілер «хокки» деп аталатын кетпен секілді таяқпен доп қуып ойнайтын көрінеді.
Ал канадалықтар «хоккей» сөзінің шығу тарихы екі түрлі мағынаны береді дейді. Және де олар британдықтар ұсынған нұсқаға мүлдем ұқсамайды. Біріншісінде, «хоккей» сөзі Канаданы мекен ететін мохауктар тайпасынан шыққан деп келтірілген. Ежелде мохауктар шөпте таяқпен доп қуып ойнайтын ойын түрін «хогий» деп атаған. Ойынның ережесі бойынша жеңілген командалардың мүшелерін ауыр жазалайтын болған. Яғни «хогий» сөзін қазақшаға аударғанда «ауырды» деген мағынаны білдіреді.
Канадалықтар айтып жүрген тағы бір нұсқа бойынша «хоккей» сөзі қойшылардың таяғының атауына байланысты. Айта кетейік, Канадада шопандар бас жағы иілген қой қайыратын таяқты «хокэ» дейді екен.
Хоккей атауы қайдан шыққан?
Последние статьи автора