Хижама сөзі араб тілінде «сору, тартып алу, сіңіру» деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасында бұл сөз пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінде бекітілгендей адам денесінен қан алу дегенді білдіреді. Қазіргі таңда көптеген зиянкесті заттар көбейді, ауа-райы бұзылып, суда, тамақта токсин пайда болған әрі адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Осы тұрғыда адам өзінің ағзасын тазарту үшін, қоршаған ортада дұрыс жүріп-тұру үшін хижама процедурасын жиі жасатып тұру керек. Себебі, ол дене мүшедегі кез-келген аурудың алдын алып, қан айналымын жақсартады. Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) бұл жайында хадисте былай деген: «Үш түрде ем бар: бал ішуде, қан алуда және отпен күйдіруде. Ең жақсы ем жолы ол қан алу» деген. Ибн Аббас риуаят етеді: «Пайғамбар с.ғ.с. қан алдырып тұратын әрі қан алған адамға ақысын өтеп беретін». (Бухари, Мүслим)
Хижама жасауға тиімді уақыт:
Ибн Аббас риуаят етеді: «Қан алу үшін ең нәтижелі күндері олар әр айдың 17,18,19 күндер». (Тирмизи) Сонымен қатар, ғалымдар хижаманы толық асқазанға істеуге кеңес бермейді. Себебі, мұндай жағдай адамның ағзасына кері әсер етіп адам ауырып қалуы мүмкін. Дегенмен, егер хижама жасау тез арада қажет болса онда жағдайға қарамастан жасату керек болады. Хафиз ибн Хажар өз сөзінде: «Дәрігерлердің айтуынша хижаманы душ қабылдап 2-3 сағаттан кейін жасау ең тиімді уақыт болып табылады. Ол уақытта асқазан аса тоқ не аш болмауы керек. Ал, хижама жасаудың ең тиімді күні ол Ибн Мәжәдан келген риуаятқа сәйкес пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Хижаманы дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері жасаңыз. Бірақ, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері хижама жасамаңыздар» деген бірақ, Имам Ахмед бұл хадистің дұрыстығы дәлелденбегенін алға тартып аталған күндерге қарамайтын. Бұған қоса замануи дәрігерлердің айтуынша, хижама айдың ортасында немесе төртінші бөлігінде жасау өте пайдалы екен. Сондықтан, жоғарыда келтірілген хадистердегі күндерді дәрігерлердің айтқан күндерімен салыстыратын болсақ, һижри айлары бойынша бір-біріне сәйкес келеді. Алайда, бұл басқа күндері хижама жасауға болмайды деген сөз емес. Өйткені, арнайы бір уақытты тосып жүре бермей мүмкіндік болса жиі жасатып жүрген дұрыс. Себебі, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің» демекші, қашанда ауырмай тұрып қамданған дұрыс.
Жижама қандай ауруларға ем:
Буын аурулары - Сары су жиналуы - Нерв жүйесінің ауруы - Арқа ауруы - Мойын ауруы - Қан қысымы (гипертензия) - Қан қоюлығы - Аяқтың қақсауы - Бедеулік - Геморрой - Простатит - Өкпе аурулары мен жөтел - Асқазан ауруы - Бүйрек ауруы - Жыныс аурулары - Депрессия - Жүрек аурулары - Диабет - Бауыр аурулары - Варикоз тамырлары - Тері аурулары
Хижама жасау жолдары:
Хижаманы белгілі бір тәжирибесі бар мамандарға жасатқан жөн. Себебі, оның жасау жолдарын білмеген адам керісінше адам денсаулығына зиян келтіруі. Әсіресе, денеден бөлініп шыққан қан адамның ағзасына кетіп қалудан сақтану керек. Хижама жасауда өзінің денеде арнайы белгілі нүктелері болады. Әр аурудың денеде өзінің нүктесі болғандықтан хижама барысында да сол аурудың бетін қайтару үшін сол нүктелерді айқындап қана жасалынуы керек. Себебі, кез-келген нүктеден қан алу адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ұмытпау керек.
Хижаманы қаншалықты жиі жасаған дұрыс:
Хижама маманы, дәрігер Шейх Абу Сурака былай дейді: «Алғашқы хижама жасаушы адамнан бір уақытта көп қан алуа болмайды. Себебі, адамның организімі үйренбегендіктен адамның бойында әлсіздік пайда болады. Хижаманы екі аптада бір рет немесе аптасына бір рет жасап тұрған жақсы. Алайда, егер аптасына бір рет жасайтын болса онда 5 банкадан көп қан алмау қажет. Себебі, адам бойында қан айналымы қайта қалпына келгенше одан көп қан шығару дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан хижама жасағанда қанды аздан алып жиі жасап тұрған жақсы бір сәтте көп қан алғаннан гөрі».
Хижама жасаудың кері әсері бар ма?
«Хижаманы жиі әр 3 күнде аздап бір жасап отырса еш зияны жоқ. Себебі, бұған арнайы дінде де, медицинада да тыйым салынбаған. Бастысы, білетін маман жасаса болғаны» деді дәрігер Шейх Абу Сурака
Хижама адамның жас ерекшеліктеріне қарай ма?
«Хижама жасауда ешқандай жас ерекшелік жоқ. Еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін хижама жасай береді. Ең бастысы соны жасайтын маман болса болғаны. Барлық дәрігер хажжам (хижама жасайтын адам) емес, ал, барлық хажжам дәрігер еместігін ұмытпаған жөн» дәрігер Шейх Абу Сурака.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
Kazislam.kz