Химиялық заттарды пайдаланғанда, сақтық ережесін ескеру қажет

Химиялық заттарды пайдаланғанда, сақтық ережесін ескеру қажет

Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте, жұмыс орнында тұрмыстық химиялық заттармен (аэрозольдар, бояулар, т.б.) жұмыс істейміз. Қолданыс кезінде кейде ондай заттардың үстімізге тамуы, көзге шашырау жағдайлары болып тұрады. Сондай-ақ тұрмыстық химиялық заттармен жұмыс істеген соң кешке бас ауыратын кез жиі болады. Менің білгім келгені тұрмыстық химиялық заттарды қолданған соң бастың ауруы улану белгісі ме? Уланған жағдайда не істеген дұрыс? Улану белгілері қандай?
Ғалия БАЙСЕИТОВА,
Алматы қаласы
Ә.М. ҚҰРБАНОВ, ҚРДСМ МСЭКК «Алматы қаласының дезинфекция стансысы» РМҚК маманы:
– Химиялық заттарды қолданғанда сақтық шараларын қатаң ескеріп, арнайы киімдер (ха­лат, комбинезон, баскиім, алжапқыш, жеңқап, резеңке қолғап, герметикалы қорғаныс көзілдірігі (ПО-2, ПО-3 моноблок), патроны «А» маркалы проти­вогазы бар универсалды респираторларды (РУ-60м, РПГ-67)) кию керек. Көзге тамғанда, көп мөл­шерде сумен шайып, 1-2 тамшы 30% на­т­рий суль­фаты ерітіндісін, ал ауырған жағдайда 2% новокаин ерітіндісін тамызу керек. Дененің ашық жеріне тиген кезде дәке тампонымен сүртіп, сабындап жуу қажет. Ал асқазанға байқаусызда түскенде, 2% ас содасының ерітіндісімен жуған абзал.
Улану белгілері: ауызда жағымсыз дәм пайда болады, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, тыныс алу жолдарының тітіркенуі және т.б.
Уланған адамды таза ауаға шығарып, ауызын, мұрнын 2% ас содасы ерітіндісімен шаю керек. Адсорбенттері бар 1-2 стакан су ішкізу қажет. Улан­ған адам дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс.
Улы иістен тазарту үшін жұмыс бөлмесін дезин­секциялау қажет.
Дезинсекциялау кезінде бөлмеде адам бол­мауы, терезе ашық болуы тиіс. 
Дезинсекция жүргізілгеннен кейін бір тәулік өткенде, бөлме ішін сабынды-содалы ерітіндіні қолданып (30-50г кальцинирленген соданы 1 литр суға қосады), ылғалды тазалау өткізу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста