«Әулие Валентинмен» қатар «Хеллоуин» деген де шығыпты. Ол бізге қайдан келді? Неге асқабақ оның атрибуты саналады?
Бағдат ШАМСУТДИНОВ, Аягөз қаласы.
Ежелгі кельттер Жаңа жылды қазанның соңғы күнінен қарашаның біріне қараған түні қарсы алатын болған. Сол күні Жер бетіне қайтыс болған адамдардың рухтары мен дүлей күштер көтеріледі деп сенген. Сондықтан сол күні қандай да бір қызықты күтіп, әруақ секілді киініп жүруді үрдіске айналдырса керек. Алайда шіркеу адамдарды азғындаудан қорғау мақсатында сол күні Құдайға сыйынып, әлгіндей дүлей күштерден Жер бетін, адамдарды сақтауды сұраған. Осы жолда олар күллі әулиелерге жалбарынған, соған қарай күннің атауы да «Аll Hallows' Even» деп келеді, қысқартқанда Halloween. Бұл ағылшыншадан аударғанда «Барлық әулиелер келер күн қарсаңы» дегенді білдіреді. Дегенмен бұл бізге жат нәрсе. Асқабақты тесіп, оған түр салуда да астарлы аңыз жатса керек. Оның да түбі сайтанмен байланысқан Джек есімді алқашқа барып тіреледі. Сондықтан бұл – ұлттық санамызға қауіпті дерт.
«Хеллоуин» асқабақтар күні ме?
Последние статьи автора