Хеджер және хеджирлеу деген термин нені білдіреді?
Хеджер дегеніміз – фьючерстік биржада хеджирлеу деп аталатын операцияларды жүзеге асырушы кез келген кәсіпорын, банк, фермер немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъект.
Ал хеджирлеу — банкілік, биржалық және коммерциялық практикада валюталық тәуекелді сақтандырудың түрлі әдістерін білдіру үшін қолданылатын термин.
Портфельдік инвестициялаудағы хеджирлеу — портфельге қаржы құралдарын енгізу, негізгі позициялар бойынша шығынды тең ететін негізгі актив құнының өзгеруінен түсетін кіріс. Мәселен, инвестор 120 теңгеден 100 акция сатып алды. Ол оны ұзақ уақыт портфельде сақтауды ойластырды. Алайда аталған акциялар құнының төмендеп кету тәуекелі бар. Сондықтан хеджирлеу, яғни болуы мүмкін шығын түрлерінен сақтандыру мақсатында инвестор фьючерс немесе осындай акцияларға опцион алады. Мысалы, 7 айдан кейін 100 акцияны 125 теңгеден сату құқығы туынды қағаздар шарттары болып табылады, ал аталған келісім үшін инвестор 15 теңге төлейді. Осылайша, егер 7 айдан кейін акциялар құны 120 теңгеден 110 теңгеге төмендеп кетсе, инвестор өз құқығын іске асыру арқылы, акциясына 15 теңгені құрайтын жалпы шығынды (туынды бағалы қағаз құны) өтеп, әрбір акцияны 125 теңгеден сата алады.