Қазақстандағы ең биік шың Хан Тәңірі екенін білеміз. Оның нақты биіктігі қанша? Елімізде басқа да қандай биік нүктелер бар?
Ардақ ҚАЙСАРҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Қазақстанның табиғаты аса көркем әрі бай. Кең байтақ жерімізде тау, орман да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақ жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары (кейбір деректерде7010 метр деп көрсетіледі ), ал ең төменгі нүктесі – Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр.