ХАМАС қандай ұйым?

Телеарна жаңалықтарында Таяу Шығыстағы жағдайлар туралы күнделікті ақпарат беріліп отырады. Сонда ХАМАС туралы жиі айтылады. ХАМАС-ты саяси партия дейтіндер де, террорлық ұйым деп те атайды. Жалпы, ХАМАС-тың көздегені не?Дәулет ҚАРАБАЙ, Шымкент

ХАМАС сөзінің араб тілінен аударылғанда негізгі мағынасы Исламдық қарсылау қозғалысы дегенді білдіреді. 2007 жылдан бастап Газа Секторында билік орнатып отырған бұл саяси күштің іс-әрекеттеріне қарап, көптеген мемлекеттерде террорлық ұйым ретінде қарастырылады. ХАМАС қозғалыс ретінде осыдан дәл 22 жыл бұрын, яғни 1987 жылдың 15 желтоқсанда құрылды. Саяси құрылымның негізгі мақсаты – ислам-теократиялық Палестина мемлекетін құру болып табылады. Сол мақсат-мүдде жолында хамастықтар барлық іске барудан тайынбайды. Мысал ретінде айтар болсақ, 2006 жылы ұйымның балаларға арналған интернет сайты ашылды. Ондағы мақсаты – ғаламтор арқылы балалар мен жастардың санасына шахид жасауды ерлік деп түсіндіру. Осындай әрекеттері үшін ХАМАС-ты Канада, Еуроодақ, Израиль, АҚШ, Жапония және Ресей террорлық ұйым ретінде қараса, олардың жұмыс істеуіне Австралияда, Иорданияда және Ұлыбританияда тыйым салынған. Ал араб елдерінің халқы (ПА, Сирия, Египет – 90 пайыз, Ливан – 67 пайыз) керісінше ХАМАС-ты легитимді саяси партия деп таниды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста