Вотум деген не?
Бұқаралық ақпарат құралдарында вотум деген сөз жиі қолданылады. Осы вотум сөзінің мағынасы қандай?
Зәуірбек АЙДАХАН, Алматы
Вотум – (лат. – тілек, серт, уәде, ант) – дауыс беру арқылы білдірілген шешім. Парламенттің дауыс арқылы Үкіметтің жалпы саясатын немесе жеке министрдің әрекетін қуаттауы (сенім білдіру вотумы) не қуаттамауы (сенім білдірмеу вотумы). Үкімет Парламенттен өзінің бағдарламалары мен декларациясына және кейбір нақты заң жобаларын талқылауға байланысты сенім білдіру вотумын сұрай алады. Әдетте сенім білдіру вотумы Үкіметтің беделін арттырып, саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Вотум: 1) мұның негізгі жүзеге асырылу принципі Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі; 2) Парламент жиналысында дауысқа қойылып, қабыл алынған тоқтам шешім, қарар; 3) Үкіметтің немесе министрдің қызметін қабылдау; 4) Парламенттегі дауысқа салу бойынша Үкіметтің немесе министрдің қызметін қабылдамау. Сенім вотумы – қайта құрылған Үкімет өз бағдарламасын Парламент алдында жария етіп, сенімін алу.