Жүкті әйелдер ВИЧ (АҚТҚ)-инфекциясына қарсы неше рет тексерілгені дұрыс? Жүктіліктің алғашқы аптасындағы тексерістің нәтижесі бала босанғанға дейін өзгеруі мүмкін бе?
Самал ҚАЗЫБАЕВА, Атырау облысы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының мәліметінше, аймақтық СПИД (ХҚТБ) орталықтарында ВИЧ (АҚТҚ)-инфекциясына қатысты тексерілу ерікті және ақысыз түрде жүргізіледі. Ал екіқабат әйелдер, сотталғандар мен қан донорлары міндетті түрде тексеріледі. Екіқабат әйелдер екі рет: дәрігерлік кеңес алу есебіне тіркелген уақытта және жүктіліктің 28-30 аптасында тексерілуі қажет. Бұдан ауруды дер кезінде анықтау және антиретровирустық ем қолдану жұмысы жеңілдейді.
ВИЧ (АҚТҚ)-инфекциясына неше рет тексерілу қажет?
Последние статьи автора