Велоспорт Олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін

Велоспорт Олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін

Велоспорт – менің сүйікті спортым. Бірақ кеше спорттың осы түрі Олим­пиада бағдарламасынан алынып тасталынады деп естіп қалдым. Не үшін? Неліктен? Жалпы, бұл ақпарат қаншалықты рас.
Айдар Айманбетов,
Талдықорған қаласы
Шынында да, бүгінде велоспорттың жағ­дайы мәз емес. Бұған әйгілі вело­ша­бан­доз Лэнс Армстронгке қатысты допинг да­уы себеп болып отыр. «Егер Армстронг Ха­лықаралық велосипед­ші­лер қа­уым­дас­тығы басшыларының до­пинг­тік дау­лар­ға қатысы барын дә­лел­деп бере алса, он­да спорттың бұл түрін Олимпиада бағ­дар­ламасынан алып тастаудан басқа ама­лымыз қалмайды», – деп мәлімдеме жа­сады Халықаралық Олимпиада ко­ми­те­тінің мүшесі Дик Паунд.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы та­­мыз айында АҚШ-тың допингке қар­сы агент­тігі (USADA) Лэнс Армстронгтың ты­­йым салынған дәрілерді пай­да­лан­ғанын дә­лелдеп, шабандоздың 1999 жылдан бер­гі жеткен жетістіктерін жоқ­қа шы­ғарған болатын. Сөйтіп, «Тур де Франс» мәр­тебелі велокөпкүндігінің ең көп жүлдесін алған аңыз спортшы ата­ғы­нан да, абыройынан да бір-ақ айы­рыл­ған.
Ал өткен дүйсенбі күні Лэнс Арм­стронг әйгілі тележүргізуші Опра Уин­фри­­дің бағдарламасында допинг қол­дан­ғандығын мойындады. Сол ток-шоуда Армстронг тіпті UCI бас­шы­ла­­рын да допингтік дауларға қатысты деп айы­птаған болатын. Қажет болса, ол адам­дардың есімдерін жариялап, до­­пингке қарсы агенттікпен бірлесе жұ­мыс жа­сауға дайын екенін де айтқан...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста