«Ұжымдық мәдениет» деген не?

Қазіргі уақытта жиі айтылып жүрген «ұжымдық мәдениет» ұғымы жайлы қысқаша анықтама берсеңіздер.
Жазира ТӨЛЕНҚЫЗЫ,
Алматы облысы
Әлеуметтанушы мамандардың пікі­рі­не сүйенсек, біз өмір сүріп отырған қо­ғам­ның әр саласының дамуы ұжым­дық (корпоративтік) мәдениет динами­ка­сына тікелей тәуелді. Қоғамдық және саяси процестерде корпоративтік мә­дениеттің ықпалы неғұрлым көп болса, соғұрлым маманның шеберлік сапасы­на қойылатын талаптар жоғарылайды. Ұжымдық мәде­ниет, бұл – әсіресе саяси және мемлекеттік іс-әрекет пен әлеу­меттік-саяси балансты сақ­тауға, жұмыс бары­сын ойдағыдай жү­зе­ге асыруға мүмкіндік беретін құбы­лыс.
Ұжымдық сана – сіздің кім екеніңізді, шеберлік деңгейіңіз бен білім мен тәжі­ри­беңіз, сіздің айналаңыздағы адам­дар­ды қабылдау мен тәртібіңіз және өмірге деген көзқарасыңызды анық­тай­ды. Осы мәсе­ле­лердің көпшілігі белгілі бір ұжымда жұмыс істейтін мамандар­дың біліктілік (компетенция) деңгейіне тікелей байла­нысты. Кеңестік жүйедегі кадрлар дайын­дау мәселесі көбіне сан жағымен шектеліп, сапа жағына көңіл бөлінбеді, нәтижесінде корпоративті мәдениет ұғымы туралы түсі­нік тіпті де қарастырылмады.
Қазіргі ғаламдану жағдайында мем­ле­кеттік мекеме қызметкерлері­нен қыз­мет­ке деген талабын жаңаша қарастыра­ды және жаңаша міндет­тейді. Біріншіден, қоғамдағы кеңес заманынан мұра болып қалған әкім­шілік-командалық басқару стилінен арылу, екіншіден, қоғамдағы са­я­си мәдениетті көтеру, үшіншіден, қоғам мү­ше­лерінің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру. Қазіргі заман­ның басты талабы біз­ден мемлекеттік қыз­меттегі, корпора­циядағы және топтық ұжымдағы білім­сіздікті жоюмен қатар білімді, біліктілік пен шеберлікті талап ете­ді. Мұндағы басты рөлді, әрине, кор­по­ра­тивтік мәдениет атқа­рады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста