«Үздік экскурсия жүргізушісі» атағы кімге берілді?

Жуырда «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» республикалық байқауы болып өтті дегенді естіп едім. Осынау ерекше байқауда кімдер жеңімпаз атанды?
Нұргүл Нұрбекқызы,
Алматы облысы
Тұңғыш рет кең ауқымда ұйым­дас­тырылған «Жылдың үздік экскурсия жүр­гізушісі» республикалық байқауы жа­қында Семей қаласында табысты өтті. Семейдің облыстық тарихи-өл­ке­тану музейінің 130 жылдығына ар­нал­ған байқауға еліміздің барлық өңірінен 20-дан астам үміткер қатысты.
Білікті мамандардан құралған қа­зылар алқасына ҚР мәдениетіне еңбегі сің­ген қызметкер, музей ісінің рес­пуб­ли­кадағы белгілі маманы Бақыт Ор­а­зым­бетова төрелік етті. Сонымен «Жыл­дың үздік экскурсия жүргізушісі» атағын Шығыс Қазақстан облысы Риддер қа­ласының тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дәулет Ілиясов жеңіп алып, Бі­рінші дәрежелі дипломмен және ба­ға­лы жүлдемен марапатталды. Қызыл­ор­да облыстық тарихи-өлкетану музе­йі­нің экскурсия жүргізушісі Әйгерім Бек­­қалиева екінші орын алса, үшінші орынды Қостанай облысының өкілдері: Жангелді аудандық музейінің қыз­мет­ке­рі Гүлбану Сәрсекей мен Арқалық қа­ла­сының тарихи-өлкетану музейінің қыз­меткері Жанар Қалиева бөлісті. Осы тәрізді «Шеберлігі мен тапқырлығы үшін», «Көрермен көзайымы» және «Үкі­лі үміт иегері» жүлделері де сарапқа са­лынған еді. Олардың иегерлері – Қар­лығаш Тұтқабаева (Алматы облысы Талдықорған қаласының Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі), Тантақова Жәния (Павлодар қаласының Потанин атындағы облыстық тарихи-өл­кетану музейі) және Индира Алдоң­ға­рова (Батыс Қазақстан облысы Орал қа­ласындағы облыстық тарихи-өлке­та­ну музейі) иеленді. Барлық байқауға қатысушыларға игі тілектер жазылған алғысхаттар тапсырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста