Жыныстық қатынастың рахатқа бөлеп қана қоймай, денсаулыққа да пайдасы зор екенін білесіз ба? Тұрақты төсек қатынасы күйзелістің алдын алады, қан қысымын ретке келтіреді, белсенділікті арттырады. Ал төсек қатынасы тоқтаған кезде организм қандай өзгерістерге ұшырайды? Бұл туралы NUR.KZ порталынан оқып, біле аласыздар.
Неліктен төсек қатынасы тапшы болады?
Көптеген жұптарда баланың пайда болуы мен жұмыстың көбеюі секілді мәселелер жыныстық қатынасты барынша азайта түседі. Осы уақытта кез келген адам психолгиялық және физиологиялық жағынан түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Иммунитет төмендейді
Зерттеушілердің айтуынша төсек қатынасы көп уақыт бойы түспеген адамдарда иммунитет төмендеп, жиі ауыратын болады. Дәл осы адамдар маусымдық жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды.
Күйзеліске тез ұшырайды
Төсек қатынасы «бақыт гармондарын» өндіретіні бәрімізге белгілі. Жыныстық қатынаста мәселе туындаған кезде күйзеліс гармондары көбейіп, адамдар жылауық, ашуланшақ болады. Ғалымдар төсек қатынасынан кейін адамдардың кез келген мәселені тез әрі оңай шешетінін бірнеше рет дәлелдеді.
Өзін-өзі бағалау төмендейді
Жыныстық қатынастың болмауы адамдардың өз өзін тартымсыз әрі ұсқынсыз сезінуіне әкеліп соқтырады. Өзіне деген сенімділік жоғалады.
Әйелдердің гинекологиялық ауруларға ұшырауы
Ұзақ уақыт бойы төсек қатынасы түспеу әйелдердің денсаулығына зиян. Аналық жыныс мүшесінде қан ұйып, киста, аднексит, фиброма секілді ауруларға ұшырауы да мүмкін.