«Үшқоңыр» әні қалай туған?

«Үшқоңыр» әні қалай туған?

Президентіміз Н.Назарбаевтың туған жеріне арнаған «Үшқоңыр» әні қай кезде туған?
Марат БЕСІНБЕКҰЛЫ, Тараз қаласы

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында.
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқарың жайылатын аймағыңда,
– деп басталатын Елбасының сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнінің әуенін Алтынбек Қораз­баев шығарған. Бұл ән алғаш 2001 жылы әнші Мейрамбек Беспаев­тың орындауында шырқалды. Бұл ән Елбасының өзінің кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігінен туған.
Үшқоңыр – Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың туған жері. Құнарлы да құт­ты мекен Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылы (бұрынғы Шамалған), оның ар жағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауында орналасқан. Еліміздің болашақ көшбас­шысының балалық шағы осы өңірде өткен. Үшқоңырдың жергілікті жұрты кезінде Елбасыдан Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округіне қарасты Шамалған ауылының атауын Үшқоңыр ауылы деп атауды ұсынған. Кейіннен бұл ұсыныс мақұл­данып, Алматы облыстық мәсли­хаты­ның қаулысы мен облыс әкімінің шеші­мімен Шамалған ауылының аты Үш­қоңыр ауылы болып өзгертілді.
Негізінен, Үшқоңыр – Қарасай ауда­нындағы төбелі қоныстың атауы. Қоныс Май­төбе тауының шығысында 15 км, Аршалыкезең асуының (2973 м) солтүстік баурайында жатыр. Төбенің теңіз деңгейінен биіктігі – 1980 м. Батысында – Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді. Енділеу тауаралық қоныста еріген мұз суынан пайда болған, жағалауы ашық шағын көл жатыр. Қоныс маңында Үшқоңыр және Сауыншы ауылдары орналасқан. Табиғаты ерекше әсем Үшқоңыр өңірі Алатаудың етегіндегі көрікті жерлердің бірі саналады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста