Қазақтың аспаптары үрмелі, ішекті, ұрмалы, өздігінен дыбыс шығаратын, ілмелі қоңырау арқылы дыбыс шығаратын аспаптар деп бес топқа бөлінеді. Осылардың ішінде ұрмалы аспаптарға қайсысы жатады?
Асыл ЖӘНІБЕК, Семей
Ұлттық музыкалық аспаптардың ішіндегі ұрмалы аспаптарды көпшілік біле бермейді. Солардың біреуі туралы баяндап берейік. Дабыл – екі жағынан иленбеген бұзау терісімен қапталады. Бұл аспап көбінесе қазақтың батырлық эпостарында жырланған. Даңғыра немесе дағыра – бір жағы ғана терімен қапталған, ішінде металл ілмелер бар. Бақсылар бұл аспапты көз тигенде, күнделікті шаруашылықта қолданған. Парсының «тәғар, тағара» сөзінен шыққан. Кепшік – қоңырау секілді дауысы бар аспап, ол да бір жағынан терімен қапталады, бірақ металл ілмелері жоқ. Дауылпаз – ағаш ошақ тәрізді пішіні бар бұзау немесе ешкі терісімен қапталады. Этимологиясы көне парсының «дауыл» деген сөзінен шыққан. Шыңдауыл, шындабыл – дауылпаз сияқты пішіні бар, бірақ металдан жасалған. Шың – тегіс, дөңгелек мыстан жасалған. Қазандауылпаз – оның жасалуына шойын қазан қолданылады, терімен қапталады. Нардауылпаз – үлкен әскери дабыл, пішіні ағаш бөлшектерден жиналады.
Ұрмалы аспаптар туралы жазсаңыздар...
Последние статьи автора