Үнемделген қаржыдан сыйақы беру қалай жүзеге асырылады?

2012 жылдың желтоқсан айына дейін мектепте күзетші болып жұмыс істедім. «Егер мекемеде ақша үнемделсе, жыл соңында сыйақы береміз» деген болатын. Бірақ сыйақыны маған бермей, менің орныма келіп, бір ай жұмыс істеген күзетшіге беріпті. Осы дұрыс па? Негізі, сыйақы кімге тиесілі болуы керек? 
Жанғали БЕРДІҒАЛИЕВ,
Ақтөбе облысы
«Азаматтық қызметшiлерге, мемле­кет­тiк бюд­­жет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйым­дар­дың қыз­меткерлерiне, қазыналық кәсiп­орын­дардың қыз­меткерлерiне еңбек­ақы тө­леу жү­йесi туралы» Қазақстан Рес­пу­бли­касы Үкi­­метiнiң 2007 жылғы 29 жел­тоқ­сандағы N 1400 қаулысына сәйкес, ұйым­дардың бас­шы­ларына:
1) мемлекеттiк басқару органымен ке­лiсiм бо­йынша азаматтық қызметшiлер (бi­лiк­тi жұ­мыс­­шыларды қоспағанда) лауа­зым­­да­рының санаттар бо­йынша тiзiлiмiнде көр­­сетiлген лауазымдар атауларына олар­дың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын ар­наулы қосымша атауларды қолдану, сон­­дай-ақ функционалдық мiн­деттерiне қа­рай өзге де лауазымдар атау­ларын те­ңестiру;
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қар­­жыландыру жоспары бойынша тиiстi мем­­ле­кет­тiк мекеменi ұстауға көз­делген қа­ра­жатты үнем­деу есебiнен не­ме­се кре­­ди­тор­лық бе­ре­ше­гi болмаған кезде мем­ле­кеттiк басқару ор­ганы қазыналық кә­сiп­­орын үшiн бекiткен смета бо­й­ын­ша са­ла­лық келiсiмде, ұжымдық шарт­та және (немесе) жұмыс бе­ру­шiнiң актiсiнде бел­гiленген тәртiппен қыз­меткерлердiң лауа­зым­­дық жала­қы­ларына ынталандыру үс­те­ме­­ақы­ларын белгiлеу, сый­лық­ақы беру жә­­не материалдық көмек көрсету құқығы берiледі.
Демек, мемлекеттік мекеме қызмет­кер­­лерін сыйақыландыру негіздері мен жағ­­дай­ла­рын олардың басшылары дербес ше­­шеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста