Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы – 21 мың 196 шақырым

Жауынгер бабаларымыздың қаһарынан қауіптеніп салынған Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша шақырымға жетеді? Қай кезден бастап салына бастаған?
Мақсұт БАЙДАРБЕКОВ,
Алматы
Аждаһа елінің ұлттық символына айналған Ұлы Қытай қорғаны бұрынғы есептелген көр­сеткіштен 2,5 есе ұзын екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Ең соңғы өлшеулер бойынша қорғанның ұзындығы 21 мың 196 шақырымды құраған. 2009 жылы жарияланған зерттеулердің алдын ала нәтижесі 8,85 мың шақы­рымды көрсеткен болса, бүгінде бұдан бұдан 2,5 есеге ұзын екені мәлім­делді. Бұған дейінгі есептерде қорғанның Мин династиясы дәуірінде (1368 - 1644 жылдары) са­лынған бөлігі ғана ескеріліп келген. Соңғы зерттеу кезінде қабырғаның 44 мыңға жуық бөліктері еленіп, қытай тарихының барлық кезеңіндегі құрылыс жұмыстары есепке алынған. Құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан пат­шалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған ежелгі Ұлы Қытай қорғанының бүгінгі күнге 8 пайыздан астам қабырғасы жеткен. 74 пайызы қатты бүлініп, қираған, ал қалған бөлігінен тек іргетасы ғана қалған.
Ұлы Қытай қорғаны 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар нысандарының тізіміне енгізілген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста