Біз өз ұжымымызда Ұлыстың ұлы күніне байланысты кеш ұйымдастырғалы жүрміз. Бірақ бір кедергі болып тұр. Ешқайсысымыз Наурыз мейрамында ойналатын ойын түрлерін білмейміз. Осыған байланысты сіздерге хабарласып тұрған жайымыз бар еді...
Әлия ТӨРЕГЕЛДИЕВА, Қостанай қаласы
Бұл – бас ауыртарлық мәселе емес. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық спорт түрлерінің кез келгенінен додалар ұйымдастыра беруге болады. Тарихымызға сүйенсек, бабаларымыз ұлттық спорт түрлерін тек Наурыз мейрамының қарсаңында ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде ойната берген. Ал ұлттық ойындарға бәйге жарыстары, көкпар, қыз қуу, асық ойындары, тоғызқұмалақ, ақсүйек, алтыбақан, қазақ күресі, садақ тарту, құмай қосу, бүркіт салу, ақсүйек, алтыбақан тағы басқа ойындар жатады.
Әлбетте, егер Наурыз мейрамын кең алқапта өткізер болсаңыз, қыз қуу, бәйге жарыстары, көкпар, теңге ілу, ат үстіндегі аударыспақ, садақ тарту, құмай мен бүркіт салу ойындарын өткізгенге не жетсін! Дегенмен қалалық жерде, оның үстінде шағын орында мұндай ойындарды өткізуге жағдай бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ойындары, арқан тартыс, хан дойбысы, тауық күрес, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізуге болады. Сондай-ақ, ретін тапсаңыз, ақсүйек ойнап, алтыбақан тебуге де болар еді.
Ұлттық ойындарымызды Ұлыстың ұлы күнінде ойнайық
Последние статьи автора