Кез келген мемлекеттің өзіне тән төл ақшасы болатыны белгілі. Көбіне ескі монеталарды жекелеген адамдар жинастырып жүреді. Бұл мәселе республикалық деңгейде қалай шешіледі? Жалпы, елімізде ұлттық монеталарымызды сақтайтын орталық бар ма?
Дастан, Көкшетау қаласы
1997 жылдың 13 қарашасында Ұлттық банктің жанынан ұрпаққа қазақстандық валютаны жасау тарихын түсіндіру мақсатында арнайы мұражай ашылған болатын. Бүгінгі күні мұражай қорында 5 мыңнан аса жәдігер топтастырылған. Бұл жерде тарихымызға тікелей қатысы бар XII-XIV ғасырлардағы қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақ ТМД елдерінің ақша белгілері сақталған. 1898-1899 жылдары шығарылған II Николай патшаның бейнесі бар орыстың алтын монеталары, Ұлы Петр, II Екатерина, II Николай бейнесі бар күміс монеталар, сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орыс-поляк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия елдерінің түрлі тарихи ақшалары жинастырылған. Бұл жәдігерлер арасында «жібек ақшалар» және «опиумдық ақшалар» да аз емес.
Ұлттық монеталарды сақтайтын орталық бар ма?
Последние статьи автора