Елімізде 100-ден астам ұлт өкілдері бар дейміз. «Ғылымдағы ұлттық азшылық» деген ұғымның ішіне қандай ұлт өкілдері кіреді?
Ержан Баймұратұлы, Қарағанды
Ұлттық азшылық – өздері өмір сүріп жатқан мемлекеттің толыққанды азаматтары болғанымен, тұрақты (коренной) ұлттың өкілдері болып есептелмейтін тұрғындары. Олар өздерін жат мекендегі ұлттық қоғамдастық құраушылар ретінде сезінеді. Сәйкесінше, өздерінің төл мәдениетімен тілін сақтап қалғысы келеді. Өткен ғасырдың ортасына дейін азшылықтың құқығы олардың қандастары болып есептелетін мемлекеттердің сұранысы бойынша қорғалатын. Қазір бұл мәселе бойынша халықаралық деңгейде мойындалған бірнеше хаттама бар. Атап айтқанда, Азаматтар мен мен саяси құқық жөніндегі халықаралық келісімшарт, Адам құқығы жөніндегі еуропалық конвенция және 1995 жылы Еуропа кеңесі қабылдаған Азшылық ұлт өкілдерін қорғау жөнінде конвенция. Дегенмен әлемде аталған конвенцияларға қол қоймаған және өз елінде азшылық ұлт өкілдері жоқ деп есептейтін елдер де бар. Олардың қатарында Франция, Солтүстік Корея сынды іргелі елдерді атауға болады.