Кішкентай балалардың өзі ұялы телефон, планшет секілді нәрселерге әуес болып барады. Мұның көзге қаншалықты әсері бар?
Алтынай НҰРМҰҚАН, Есік
Технологияның планшет, ұялы телефон тәрізді соңғы жетістіктерінің көзге тигізер кері әсері теледидардан да жаман. Өйткені мұндай ұсақ заттарды көзге жақын ұстап пайдаланудың салдары алысқа көзі жетпеушілікке апарып соқтырады. Теледидар қалай болғанда да үлкенірек және баладан үш метрдей қашықтықта тұрады. Ал планшеттер мен смартфондар ұсақ нәрсе болғандықтан, бала оларды көзіне тым жақын ұстап ойнайды. Компьютерлер де әдетте LCD-мониторлы және соған сәйкес жылтылдақ болып келетіндіктен, көзді тез шаршатады. Демек, бұл да алыстан көрмеушіліктің ұлғаюына себепкер болады деген сөз. Одан гөрі теледидар әлдеқайда қауіпсіз. Тек баланың теледидарды қараңғыда көрмеуін, бөлменің жарық болуын қадағалау керек.
Ұялы телефонның көзге әсері бар ма?
Последние статьи автора