Қай елде болмасын, Қытайдан шыққан ұялы телефондардың кең тарағанын білеміз. Жалпы, қытайлық телефондар әлемдік нарықтың қанша пайызын жаулап алған?
Жадыра, Алматы қаласы
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, соңғы бірнеше жыл көлемінде Қытай ұялы телефон өндіруден әлемде көш бастап келеді. Биыл шығыстағы көршіміз шығарып жатқан мобильді байланыс құралдарының қатары 700 млн данаға жетуі мүмкін. Бұл – әлемдік қалта телефондары өндірісінің 60 пайызы қытайлық кәсіпорындарға тиесілі деген сөз. Дүниежүзінің көптеген елінде арзан, әрі қол жетімді болатын қытайлық телефондарды қолдану үрдісі қарқын алып келеді. Нарықта Nokia, Samsung және LG телефондарының қытайлық нұсқалары көш бастайды. Apple және Android смартфондары да қытайлық өнімдер сатылымының артуына себеп болып отыр. Қазіргі ұялы телефондар өндірісінде Жапония мен Оңтүстік Кореяның да беделі жоғары.
Ұялы телефон өндірісінде қытайлықтар көш бастайды
Последние статьи автора