Шыбындар адамдарға қауіпті өте бактерияны жұқтырады. Мұндай қорытындыны Пенсильвания штаты университетінің, Наньян технологиялық университетінің, Рио-де-Жанейродағы Федеральді университеттің және тағы да жеті жоғары оқу орнының ғалымдары шығарды. Мақала Scientific Reports журналына жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар Оңтүстік және Солтүстік Америка, сондай-ақ Еуразия құрлығында ұсталған 116 етті және бөлмелік шыбындарға талдау жүргізді. Нәтижесінде, бактериялардың көбі шыбындардың табаны мен қанаттарында сақталатынын анықтады.
Үйде жүретін шыбындар басқаларға қарағанда өте қауіпті болып шықты. Етті шыбындар 316 қауіпті микроорганизм жұқтырса, бөлме шыбындары 351 түрін тасымалдайды екен.
Зерттеушілер жәндіктің Helicobacter pylori бактериясын тарату көзі болуы мүмкін деп отыр. Бұл бактерия асқазанның созылмалы ауруларын, ішек ауруларын, тіпті асқазанның ісік ауруын туғыза алады.
Биологтардың айтуынша, шыбындардың бактерияларды тасу мүмкіндігінің жақсы жағы да бар. Олар эпидемиялардың алдын алуда қажетті деректерді жинауға көмектеседі.
«Кейбір шыбындар экологиялық тасымалдаушы ретінде қызмет ете алады. Олардың соңғы болған жерін білу арқылы, вирустың қайдан шыққанын анықтауға болады. Қоршаған ортаның жай-күйі мен тұрғындардың денсаулығын қадағалау мақсатында, сот медицинасында шыбындарды қолданамыз», - деп жазылған зерттеуде.