Уақытынан бұрын жабылатын несиенің шегерімі қалай жүргізіледі?
2010 жылы біздің компания құрылыс жұмысы үшін банктен өтеу уақыты үш жылға белгіленген несие алды. Алайда компания құрылысты биыл жазда аяқтамақшы. Мұндай жағдайда бұл несиенің сыйақы шегерімі қалай жүргізіледі?
Ескендір, кәсіпкер
Сыйақы мөлшерлемесі бойынша шығынды шегеру тәртібі Салық кодексінің 103-бабында келтірілген. Аталған баптың 2-пунктіне сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің шегерім сомасы анықтау кезінде заем сыйақысы есепке алынбайды.
Жалпы, Салық төлеу қауымдастығының мамандарының айтуынша, құрылыс кезеңіндегі несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі капитализацияға жатқызылады, демек, құрылыс объектісінің бастапқы құнын арттыру негізінде есептеледі. Өз кезегінде құрылысқа тартылған несиенің сыйақы мөлшерлемесінің сомасы, бірақ құрылыс кезеңіндегі емес өтемдері Салық кодексінің 103-бабы бойынша есептен шығарылуға, шегерімге жатады.