Уақытша жеке куәлік алуға болады
Жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Жаңа куәлік алуға көп анықтама керек дейді. Жуық арада өзге аймақтарға қыдырып бармақшы едім. Осы орайда білгім келгені, уақытша жеке куәлік алуға бола ма және ол қанша уақытқа беріледі?
Айбек, Алматы қаласы
Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мамандары жауап береді:
– Әділет органдарының халықты тіркеу және құжаттандыруға байланысты берген нұсқауы бойынша, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы бұйрығына сәйкес, жоғалған жеке куәліктің орнына уақытша куәлік беріледі. Уақытша жеке куәліктің мерзімі үш айдан алты айға дейін. Уақытша жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жазбаша түрде өтініш беруіңіз керек.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу