Ауысыммен жұмыс істейтін қызметкер кезекті еңбек демалысына кетсе, оның жұмысын уақытша қоса атқарған қызметкерге қосымша ақы төленуі керек пе?
Төреғали ИСАНБЕТОВ, Атырау облысы
Заңгер маманның айтуына қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабына сәйкес, бiр ұйымда, өзiнiң еңбек шартында қарастырылған негiзгi жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi. Қаулыға 19-қосымшада мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазымдық жалақысынан 50 %-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленген. Көрсетілген қосымша ақы мекемелердің басшыларына, олардың орынбасарларына қолданылмайды. Лауазымдарды қоса атқару қызметкердің негізгі лауазымы бойынша жұмыс уақытының шегінде жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, аталған қосымшада уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы қарастырылған. Оның мөлшері жұмыстың нақты көлеміне қарай анықталады. Егер аталған қызметкер уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзінің демалыс күндерінде (ауысым кестесі бойынша) атқарса, оған еңбекақы Кодекстің 128-бабына сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, Кодекстің 97-бабына сәйкес, Кодекстiң 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен жол берiледi.
Уақытша атқарған жұмысқа қосымша ақы төлене ме?
Последние статьи автора