Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагерлеріне Үкімет тарапынан нақты қандай әлеуметтік жеңілдіктер бар?
Карим ЖҰМАБАЙҰЛЫ, Алматы қаласы
Алматы қалалық жұмыспен қамту басқармасының әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Алмагүл Ахметова:
– Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту жөніндегі» шешіміне сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғаларға, әскери қызметкерлердің отбасына (ата-анасының біреуіне, қайта некеге тұрмаған жұбайына), Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезеңінде ауырған, жарымжан болған, жарақат, зақым салдарынан қайтыс болған немесе қаза болғандарға (із-түзсіз жоғалғандарға), Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысып, ақталған және қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын азаматтарға отбасының жиынтық табысы есепке алынбастан ай сайын бір адам басына 2552 теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленеді.
Аталған азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау, азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі.
Тың ардагерлеріне қандай әлеуметтік жеңілдіктер бар?
Последние статьи автора