Қазір әлемде сан түрлі діни-экстремистік, террористік секталар көбейіп кетті. Біздің елімізде қандай экстремистік ұйымдардың жұмысына тыйым салынған?
Жеңісбек РЫСМАМБЕТ, Қызылорда облысы
Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Өзбекстан Ислам қозғалысы», «Күрд халық конгресі» террорлық ұйым болып танылды. Сондай-ақ экстремистік бағыттағы «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Боз құрт», «Орталық Азия моджахедтер жамағаты», «Лашкар-и-Тайба», «Талибан», «Синрике», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Азия мұсылмандары комитеті», «Ислам даму орталығы», «Хизб-ут Тахрир», «Таблиғи Жамағат» діни бірлестіктерінің қызметіне де шектеу қойылған. Қазақстан – ТМД және аймақтық қауіпсіздікке жауап беретін ШЫҰ, ҰҚШҰ секілді ұйымдардың толыққанды мүшесі. Сондықтан ШЫҰ және ҰҚШҰ ұйымдарының тіркеуінде экстремистік, террористік деп танылған діни ұйым өкілдерінің де ел аумағында насихат жүргізуге құқы жоқ. ҰҚШҰ тіркеуінде 31 діни-экстремистік ұйым аталады. Олардың қатарында «Нұршылар», «Салафия», «Ислам моджахеттерінің жиһатшылар жамағаты» секілді тағы басқа көптеген экстремистік ұйымдар аталады.
Тыйым салынған террористік ұйымдар
Последние статьи автора