Жуырда баламның туу туралы куәлігін алдым. «Ә» әрпінің орнына «А» әрпін қате жазып жіберіпті. Мұны түзету үшін қайда барамын? Туу туралы куәлікті өзгерту қанша уақыт алады?
Айым САНАТҚЫЗЫ, Астана
Егер, расында, құжатқа өзгеріс енгізу қажет деп шешсеңіз, өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе тіркеу органына барыңыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жаңа туылған баланы тіркеу, сондай-ақ азаматтық акт жазбаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу» жайындағы мемлекеттік қызметіне сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталығына төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Әкесінің арызы немесе анасының арызы, немесе мүдделі адамның арызы;
2) Туу туралы куәлік;
3) Өзгеріс енгізуді қажет ететіндігін дәлелдейтін құжаттар;
4) Мемлекет қазынасына салық төлейтіндігін дәлелдейтін құжат.
Құжатқа өзгеріс енгізу жөніндегі өтініш 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Туу туралы куәліктегі қатені қайтіп түзетеміз?
Последние статьи автора