Түшкіргеніне қарап таны
Біз неге түшкіреміз? Ол аурудың белгісі ме?Түшкіргенде жүрек бір сәт тоқтап қалады деген рас па?
Жарылқасын МҰҚАНОВ, Шымкент қаласы
Түсінікті тілмен айтсақ, түшкіру – өз бойына түскен қандай да бір зиянды заттарды ағзамыздың сілкіп тастауы. Жаратқан адамға о баста мұрынды тыныс алған ауаны сүзіп, тазартып отыратын сүзгі ретінде берді. Байқамасаңыз, түшкіргенде адамның мұрнынан 100 000 бактерия сыртқа лап қояды екен. Түшкіргенде жүрек бір сәт тоқтап қалады дейтіні, сол кезде кеуде жасушаларында жағымды қысым пайда болып, ол жүрек қағысының ритмін өзгертеді. Ал оның жылдамдығы сағатына 150 км. Түшкіргеніне де қарап адамды тануға болады. Америка ғалымдары осыны анықтап, мынадай тоқтамға келді:
1. бар даусымен түшкіретін – қоршаған ортасына өз ықпалын жүргізе алатын харизматикалық тұлға. Сан қилы идеяларын жұртпен бөліседі. Адамдарға ашық-жарқын, жақсы әңгімеші;
2. түшкіргенін ешкім білмей қалатын адамдар – «біреуге зияным тигенше, өзім жарылып кетейін» дейтін нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі әлдеқайда маңызды. Текетірестен қашады. Шыдамды, сабырлы, кейде өзінің біреуге бағынышты болып қалғанын да байқамайтын адам. Үнсіз тыңдап, көмек беретін адал адам;
3. мұрнын орамалмен не алақанымен жауып түшкіретін адам – ой иесі. Алдын ала ойланбай ештеңе істемейтін, ойланбай сөйлемейтін, қоғамдағы әр құбылысқа өз пікірін түйе жүретін адам. Өзгелердің қателігін де көре алады, бірақ бетіне басып айтпайды. Ой толғайтын кітаптарды үнемі оқиды. Бар ісін өзі атқарады, біреуге жүктей салудан ада. Әдетте демалысын үйде, оңашада өткізеді;
4. тез әрі ащы түшкіретін – жалғыздықты сүйетін адам. Шешімді тез шығаратын, өзгелерден де соны талап ететін жан. Біреуге арқа сүйеу деген әдетінде жоқ. Көшбасшы. Жақсы басшы. Өзін біреудің пайдаланғанын білсе, кешірмейді.