Алла тағала тіршілік иелерін әртүрлі түсте жаратты. Жан-жағымызды қоршаған әлемге қарасаң, көз сүйсінеді әрі таңғаласың. Жақында мен осы түстердің емдік қасиеті бар екендігі жайлы естідім. Осы рас па? Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе ме?
Айнұр БОЛАТҚЫЗЫ, Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы
Расында, түс жай ғана нәрсе емес, ол адамның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, сезімін әр қилы күйге түсіреді. Демек, оның емдік қасиеті де бар. Тіпті медицинада түстермен емдейтін тұтас бір ғылыми бағыт та бар. (цветотерапия). Онда әр түстің қасиеті жөнінде былай айтылады:
Қызыл түс – еңбек ету қабілетін жақсартып, көңіл күйді көтереді және де адамның жүйке жүйесінің жұмысын да жеделдете түседі;
Сары түс – ұйқысы қашып, жүйкесі тозған адамдарға жақсы әсер етеді әрі адамның тәбетін ашып, ақыл-ойын дамытуға көмектеседі;
Жасыл түс – жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары және көзі нашар көретін адамдарға емдік қасиеті бар;
Көк түс – асқазаны ауыратын адамдарға жақсы әсер етеді;
Көгілдір түсті – тері ауруымен ауыратындар кигені абзал.
Ақ түс – зиянды энергиялардан сақтайды, мидың қызметін жақсартатын себептен қорғаушы түс боп табылады.
Қызғылт түс – өкпесі ауыратын адамдарға оң әсер етеді;
Қара түс – көздің шаршағанын басады.
Күлгін түс –интуицияны дамытумен қатар, ревматизмді, бүйрек, қуық ауруларын жазады.
Түрлі түстер денсаулықты түзейді
Последние статьи автора