Түрксой-ға қанша мемлекет мүше?

Бүгінгі күні халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы көптеген іргелі, игі істермен айналысып жатқанын БАҚ арқылы жиі естиміз. Жалпы, мені осы ұйымның атқарып жатқан істері қатты қызықтырады да қуандырады. Мен ТҮРКСОЙ ұйымының қай уақытта құрылғанын және оған қанша елдің мүше екенін білсем деп едім. Оған кіретін мемлекеттердің атын жазып жіберсеңіздер екен?
Айгүл Қасымова,
Алматы қаласы

Бұл ұйым 1993 жылы Алматыда Кеңес Одағы тараған соң, өз тәуелсіздігін алған бес түркі тілдес республи­ка­лар­дың, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек­стан, Түрікменстан мен Әзірбайжанның түркі халық­та­рының арасындағы үзіліп қалған мәдени қатынастарды қайтадан жандандыру мақсатында Түрік Республи­ка­сымен қол қойылған хаттаманың негізінде құрылған болатын. Алайда оған дайындық жұмыстары бір жылдан кейін ғана басталған еді. Қазір ТҮРКСОЙ халықаралық аренада өзіндік орны мен қолтаңбасы бар, түркітілдес халықтар мекен ететін 14 тәуелсіз республиканы қамты­ған іргелі ұйым болып табылады. Оған жоғарыда аталған бес елден басқа Ресейдің субъектілері: Татарстан, Баш­құртстан, Алтай, Тыва, Хакасия, Саха, сондай-ақ Мол­до­ваның құрамындағы Ғағауыз Йері мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мүше. Осы жерде айта кететін нәрсе, бұлардың тек алтауы ғана ұйымның құрылтайшысы болса, қалған сегіз республика бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр. Осы уақыт ішінде ұйымның түркі халық­тарының ортақ мұраларын дүниежүзіне насихаттау мақсатында өзге де халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар орнатылды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста