Түркітілдес елдер Универсиадасы

Түркия астанасында түркі елдері студенттерінің І Универсиадасы өтіпті. Онда Қазақстан студенттері бірінші орын алыпты. Жүлде алған студенттеріміздің аты-жөндерін білуге бола ма?
Темірлан Б.,
Алматы қаласы

Түркітілдес елдердің студенттері спорт­тың 5 түрі бойынша бақ сынаған болатын. Олар – үлкен теннис, баскетбол, волейбол, грек-рим және еркін күрес. Қатысушы елдер саны көп болған жоқ: Түркия, Түрікменстан, Қыр­ғызстан және Қазақстан. Бес күнге созылған бәсекелер қорытындысы бойынша 8 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленген қазақстандықтар жалпы коман­далық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Теннисші қыз-жігіттеріміз командалық есепте де, жекелей сында да қарсылас шақ келтірмеді. Қыздар арасында Елена Шага­рова алтын алып, Ольга Подберескина қола жүлде иеленді. Жігіттер арасында Самат Бейсенов пен Гаип Данияров финалда кездесіп, бірінші-екінші орынды өзара бөлісті.
Алтын жүлденің көбісін балуандарымыз олжалады. Грек-рим күресінен Әсет Әділов (74 келі) және Ерұлан Исақов (96 келі) бірінші орынды жеңіп алса, Нұрбек Беркімбаев (55 келі), Шыңғыс Сыдықов (60 келі) және Шыңғыс Қайырмағамбетов (66 келі) күміспен күптелді. Еркін күрестен Абылай Телтаев (55 келі) және Әлихан Жұмаев (74 келі) алтын медаль ол­жаласа, Нұрдәулет Сейітқұлов (60 келі), Қанат Бердиев (84 келі) және Ильяс Сатыбалдин (96 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Волейболшы қыздарымыз финалда түрік қыздарынан 0:3 есебімен ұтылып қалса, баскет­болшыларымыздың жолдары мүлде болмады. Олар алғашқы айналымда түрік­терден ұтылып, жүлдеге жетпей сүрінді.
Еліміздің студенттерін Анкараға бастап апарған Қазақтың спорт және туризм ака­демиясының ректоры Қайрат Закирянов: «Бұл дода түркітілдес елдердің студенттерінің ынтымақтастығын қалыптастырады. Спорт арқылы ғылыми және мәдени байланыстарды орнатамыз әрі бұл уни­версиада өз жалғасын табатын болады», – деді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста