Турин процесі деген қандай жүйе?

Соңғы жылдар ҚР білім беру саласына көптеген жаңа жүйелердің енгізілгенін естіп жатырмыз. Солардың бірі – Турин процесі. Осы жүйе туралы нақтырақ түсініктеме берсеңізер...
Әйгерім Алдабергенқызы,
Талғар қаласы
Осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Турин процесін Еуропалық білім беру қоры енгізген болатын. Бүгінде осы қормен серіктес 29 ел өз­дерінің білім жүйесінде Турин процесін енгізіп жатыр. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігі мен Еуропалық білім беру қоры (ЕБҚ) арасында ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. 2011 жылдан бері осы хаттама негізінде ынтымақтастық іске асырылып, біздің елімізде де Турин процесі енгізіле бастады. Турин процесі – негізінен кәсіби және арнайы білімді дамытуға арналған жүйе. «Бұл жүйе бойынша кез келген адамның кешенді түрде білім алуына, арнайы білім беру ордаларындағы ұстаздардың рөлін жоғарылатуға, оқу орындарын заманға сай жабдықталуына мүмкіндіктер мол» дейді мамандар. Аталған жүйеде білім беруге шығар­ма­шылық және инновациялық тұрғыда қарауға басты назар аударылады. Турин процесін енгізген елдер бір-бірімен еркін түрде тәжірибе алмаса алады. Осы мақсатта халықаралық жиындар жиі өткізіледі. Қазіргі таңда көптеген мемлекет тех­никалық, кәсіби және арнайы білімді дамытуға күш салып жатыр. Біздің елімізде бұл жүйе бір­тіндеп колледждерде енгізіліп, оқу бағдар­ламалары осы жүйеге негізделіп өзгертілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста