Тұрғын үйді сатқанда қандай салық төленеді?

Жеке тұлға мүлікті сатқан жағдайда төлеуі керек салық бар. Егер жылжымайтын мүліктің меншік құқығы тіркелген кезден бастап бір жылдан аз мерзімде сатып, үстінен пайда тапсаңыз салық төлеуіңіз керек. Жылжымайтын мүлікке Қазақстан аумағындағы тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері кіреді.

Мұндай мүлікті сату кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Мысалы: Азамат 2018 жылдың қаңтарында 10 млн. теңгеге пәтер сатып алып, 2018 жылдың қыркүйегінде осы пәтерді 12 млн теңгеге сатты.

Бұл жерде құн өсімін есептеу қажет:

12 млн. теңге-10 млн.теңге = 2 млн. теңге. (ЖТС=2млн.теңге*10%=200 мың.тенге).

Егер өтеусіз алынған мүлік сатылса, онда құн өсімі басқа да тәсілдермен анықталады.

Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн саналады.

Мұндай нарықтық құнды жеке тұлға осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.

Өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде немесе нарықтық құнды айқындаудың мерзімі сақталмаған кезде мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Бұл жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып саналады.

Жеке тұлға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша сатып алынған пәтерді сатқан кезде мүліктік табыс туындайды.

Осындай пәтерді сатқан кезде құн өсімінен түсетін табыс пәтерді сату бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма болып табылады.

Мүліктік табыс алған жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) мүліктік табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынуы қажет.

Жеке табыс салығы бойынша мүліктік табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін төлеуі керек. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста