Тұңғыш қазақ балеті қашан қойылған?

«Қазақ жерінде балет өнері кенже дамыған» деген сөзді жиі естиміз. Тұңғыш қазақ балеті қашан және қай жерде қойылған?
Нұрсұлу САПАРОВА,
Өскемен қаласы

Белгілі дереккөздеріне сүйенсек, қазақ дала­сында Еуропаның классикалық операсы мен балеті ХХ ғасырдың екінші ширегінде қалыптаса бастады. Тұңғыш қазақ балеті 1939 жылы «Қал­қаман-Ма­мыр» дастаны­ның желісі­мен жасалған. Ол компо­зитор Василий Великанов шығармасы бойынша қойылған. Осы спектакльдің сурет­шісі, белгі­лі қылқалам шебері Орал Таңсықбаев бол­ған. Балет өнерінің қарлығашы саналатын бұл қойылым күні бүгінге дейін сахна төрінен түспей келеді. Қазақ жеріндегі тұңғыш опе­ра­лар Евгений Брусиловс­кийдің «Қыз Жі­бек», «Жал­быр», «Ер Тарғыны» еді. Уақыт өте келе, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хами­дидің Абай операсы өмірге келді. Оның артынан қазақ музыкасының маржаны саналатын Мұқан Төлебаевтың «Бір­жан-Сара», Құдыс Қожамияров­тың «Садыр па­луан», Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс», Ғазиза Жұбано­ваның «Еңлік-Кебек» опералары ұлттың бағалы қазынасына айналды.
Қазақ операсының дамуына Жұмат Ша­нин, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жан­дар­беков, Қанабек Байсейітов, Шара Жиен­құ­лова, Манарбек Ержанов, Серәлі Қо­жам­құлов, Қалибек Қуаныш­баев сынды өнер майтал­ман­дарымен қатар жазу­шылар Мұхтар Әуе­зов, Ғабит Мүсіреповтер айтар­лықтай еңбек сіңірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста