Түнгі жарықтың қоршаған ортаға тигізер әсері қандай?

Ғалымдар қоршаған ортаға тигізер әсері ауқымды аймақта түнгі жарықты шектеуге кеңес беріп отыр. Ексетер университетінің (Англия) жетекшілігімен сарапшылар тобы түнгі жарықтың жануарлар мен өсімдік әлеміне қалай әсерін тигізетіні зерделенген 1000-нан аса зерттеу мәліметтерін жинап, талдаған екен.

 

Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш зерттеуге қатысты материал жарияланған Nature Ecology and Evolution мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

 

Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, түн мезгіліндегі жасанды жарықтың қадағаланған барлық жануардың мелатонин (ұйқы кезеңін реттейтін гормон) деңгейін төмендеткен.

 

Аталған жоғарғы оқу орнындағы қоршаған орта институтының профессоры Кевин Гастонның айтуынша, жануарлардың өңі мен ұйқы режимінде олардың организімінде де, іс-әрекетінде де өзгерістер орын алғаны байқалған. Жануарлар, тіпті, болмашы жасанды жарықтың өзінен зардап шегетін болып шықты.

 

Мәселен, көбінесе түнде жортатын кеміргіштердің белсенділігі төмендеген. Жасанды жарықтың кесірінен.

 

Ал түнгі жарық күндіз жемтігін аулайтын, күн жарықта ұшатын құстардың белсенділігін арттырған.

 

Бұл бағытта бұрын жүргізілген зерттеу барысында белгілі болғандай, түнгі жарықтың әсерінен жәндіктердің өсімдіктерді тозаңдандыру әрекеті азайған.

 

Түнгі жарық жануарлар мен құстардың және жәндіктердің өмір сүру дағдысы мен режимін өзгерту арқылы экологиялық тепе-теңдікке кері әсерін тигізуі ықтимал. Яғни, түнгі жарықтың зардабы мен салдары жойқын болмақ.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста