A/H1N1 қатерлі вирусы елімізде анықталғалы бері біраз қалаларда тұмауға қарсы дәрілердің жетіспей жатқаны жайлы сыбыстар шыға бастады. Қарағанды дәріханаларында жағдай қалай екен?
Армангүл Мырзахметова, Қарағанды
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, облыс орталығындағы дәріханалардың барлығында тұмауға қарсы препараттар жеткілікті мөлшерде сақталған. Олардың ішінде «Тамифлю» препараты да бар. Соңғы мәлімет бойынша, дүйсенбі күні таңертен 63 дәріханаға оксолин майының қосымша партиясы жеткізілген көрінеді. Медициналық қызметкерлерге арнайы семинарлар өткізілді. Емдеу мекемелерінде қосымша орындар ашу жағы қарастырылған. Эпидемиолог мамандар облыстағы жағдайдың күнделікті тексеріліп отырғанын айтады. Әсіресе шетелдерде білім алып жатқан студенттер ерекше бақылауға алыныпты.