Ел ішіндегі көнекөз саяткерлердің бірінен түйекиік деген жануардың болғандығын естіп қалып едім. Бірақ жазба деректерден бұл жөнінде еш мәлімет кезіктіре алмадым. Сұрайын дегенім, түйекиік деген қандай жануар?
Нұржан ЕЛТАЙ, Жезқазған қаласы
Белгілі этнограф Жағда Бабалықовтың жазбаларына сүйенсек, түйекиік – екі өркешті, өңі құла сары, дене тұрқы тайлақ түйедей жабайы жануар. Өте жүйрік, адамды көрген бойда құйғыта жөнеледі.
Бүгінгі таңда әлемде жабайы түйені, яғни түйекиікті ұстап, бағып отырған бірде-бір хайуанаттар бағы жоқ. Дегенмен «Моңғолия жерінде түйекиік әлі де бар екен» деген сыбыс естіліп қалады. Сондай-ақ түйекиік кезінде Қытайдағы Манас ойпатында да болғанға ұқсайды. Бірақ түйенің бұл тегінің қай уақытта жойылып кеткенін ешкім білмейді.
Түйекиік деген қандай жануар?
Последние статьи автора