Туған күн бойынша жануарлар.
1 — 9 қаңтар – ит;
10 — 24 қаңтар – тышқан;
25 — 31 қаңтар – арыстан;
1-5 қаңтар – мысық;
6 — 14 ақпан – көгершін;
15 — 21 ақпан – тасбақа;
22 — 28 ақпан – қара қабылан;
1- 12 наурыз – маймыл;
13 -15 наурыз – арыстан;
16 — 23 наурыз – тышқан;
24 — 31 наурыз – мысық;
1 -3 сәуір – ит;
4 -14 сәуір – қара қабылан;
15 — 26 сәуір – тышқан;
27 — 30 сәуір – тасбақа;
1 -13 мамыр – маймыл;
14 — 21 мамыр – көгершін;
22 — 31 мамыр – арыстан;
1 -3 маусым – тышқан;
4 -14 маусым – тасбақа;
15 — 20 маусым – ит;
21 — 24 маусым – маймыл;
25 — 30 маусым – мысық;
1 — 9 шілде – тышқан;
10 — 15 шілде – ит;
16 — 26 шілде – көгершін;
27 — 31 шілде – мысық;
1 -15 тамыз – маймыл;
16 — 25 тамыз – тышқан;
26 — 31 тамыз – тасбақа;
1 -14 қыркүйек – көгершін;
15 — 27 қыркүйек – мысық;
28 — 30 қыркүйек – ит;
1 — 15 қазан – маймыл;
16 — 27 қазан – тасбақа;
28 -31 қазан – қара қабылан;
1 -16 қараша – арыстан;
17 -30 қараша – мысық;
1 -16 желтоқсан – ит;
17 -25 желтоқсан – маймыл;
26 — 31 желтоқсан – көгершін.
Туған күнге байланысты тотемдік аңдар.
Ал әр жануар туралы нені білуге болады:
Егер сіз ит болсаңыз:
Сіз өте адал және мейірімді адамсыз. Бұған еш шек келтіруге болмас.
Жұмысқа келгенде сіз барынша адалсыз. Сіз өте қарапайым, айтқанға тез көндігетін, ренжісуді су қаны сүймейтін жансыз. Бұны сізді достарыңыз мен тамыр-таныстарыңыздың қалай жақсы көретіндігінен, құрметтейтіндігінен де сезінуге болады.
Олар үшін сіздің көзқарасыңыз әрдайым өзекті. Айтылған жақсы қасиеттеріңізден бөлек, сіздің киім талғамыңыз да жоғары. Егер сіздің киімдеріңіз жаңа , сәнді киімдермен толықпай жатса, бұл сіздің күйзеліп жүргеніңізден хабардар береді.
Сізбен тіл табысу өте жеңіл, сондықтан адамдар сізге тез тартыла түседі. Алайда сіз кім көрінгенмен әңгімелескенді ұнатпайсыз. Сіздің өміріңізде дос деп өзіңіз есептейтін, сенетін санаулы ғана адамдар бар.
Егер сіз тышқан болсаңыз:
Сіз әрдайым шытырман оқиғаға дайынсыз! Көзіңіздің шуақ шашқан жарқылы айналаңыздағы адамдарды еріксіз өзіне тарта түседі.
Сіз өте қызықты адамсыз. Адамдар бір кездесулер бола қалса, сізді міндетті түрде күтіп жататыны да сондықтан. Алайда сіз сезімталсыз, бұл сіздің негізгі кемшілігіңіз болып саналады.
Сізбен сөйлескенде адамдар сізді ренжітіп алмас үшін сөзді де талғап қолданады. Әлдекім сөзімен нақты әңгімеге көшпей, айналшықтай бастаса, сіздің ашуыңызды тудыратыны анық. Сізді ашуландыру оп-оңай.
Егер сіз Арыстан болсаңыз:
Арыстан барынша қаһарлы аң болғанына қарамастан, сіз бейбітшілік пне тыныштықты сүйетін адамсыз. Бұл аңға қарама-қарсы, сіз күресуді талап ететін жағдайлар мен сәттерде жанжалдан жалтаруға тырысасыз.
Сіз мерекенің адамысыз, сізге ұзақ уақыт бойы бір орында отырған ұнамайды. Сіз қарапайым әрі көпшілсіз. Дегенмен, бұған қармастан әрбір Арыстан сияқты сіз де туа біткен көшбасшысыз және бұл көшбасшылық сіздің ішкі жан дүниеңізде өмір сүреді. Сіз оны өз қалауыңызға қол жеткізу үшін еппен пайдаланасыз.
Адамдарға сіздің биязылығыңыз бен оларға қандай қарым-қатынас жасайтындығыңыз ұнайды. Сізге сүйікті болу ұнайды және сіз кімнің болсын назарынан өз үлесіңізді аласыз. Сіз түбегейлі бақытты адамсыз.
Егер сіз Мысық болсаңыз:
Сіз барынша тартымды, сүйкімді тұлғасыз. Сіз кей кезде ұялшақ та боласыз. Бірақ, сізге қоғамда ақылыңызбен ерекшеленген де айрықша ұнайды. Сіздің өте жақсы әзілге деген ынтызарлығыңызды барлығы да біледі.
Сіз оқтын-оқтын тыныштықты қалайсыз. Сізде түрлі заттарды зерделеп, детальдарының бүге-шігесіне дейін зерттеу ұнайды. Қолайсыз сәттерде сіз өте тартымды адамсыз. Бірақ, сізге себеп беретін болса, онда міне-міне жарылайын деп тұрған жанартауға ұқсап кетесіз.
Сіз сән үлгілерін және онымен байланысты барлық дүниені жақсы көресіз. Сондықтан да адамдар сізге жиі стиль иконы ретінде қарайды.
Сіз барынша жайдары адамсыз. Алайда бейтаныс адамдармен ұзақ сөйлескенді ұнатпайсыз. Сіздің ортаңызға тап болған адамдар өздерін жеңіл әрі жайлы сезінеді. Сіз достар мен төңірегіңіздегі адамдарды таңдауда өте сақсыз.
Егер сіз Тасбақа болсаңыз:
Сіз кемеліне жеткен және ашық мінезді, жүрегі кең адамсыз. Сіздің қайырымдылығыңыз төңірегіңіздегілерге де таралады. Сіз бейбітшілік пен үйлесімділікті қолдайсыз. Сондықтан қателік жасаған адамның өзіне қарсы жауап соққы жасамайсыз.
Дәл осы себепті сізді қатты жақсы көреді. Сіз біреулерді сырттай сөз қылмайсыз. Адамдарға сіздің оларға қандай қарым-қатынас жасайтындығыңыз ұнайды. Сіз қайтарымын сұрамастан адамдарға қайырымдылық жасап, қолдау көрсетесіз, махаббат сыйлайсыз.
Сіз барынша жомарт жансыз және сіз жақсы көретін адамдар сіз сияқты адамның қасында болғаны үшін барынша бақытты сезінеді.
Егер сіз Көгершін болсаңыз:
Сіз өмірдегі бақытты әдісті білдіресіз. Төңірегіңіз көңілсіз немесе көңілді болғанына қармастан, сізге ешкім де ықпалын жүргізе алмайды. Сіз сырттай біреулердің әсеріне ұшырамайсыз.
Жалпы айтқанда, сіз қай жерге барсаңыз да төңірегіңізде позитив пен жақсы көңіл-күйдің сәулесін таратасыз. Сіз достарыңыздың арасында көшбасшысыз. Бұған қоса, сіз қажетті сәтте адамдарды жұбату мен қолдау көрсетудің тамаша әдістерін меңгергенсіз.
Сізге екіжүзділік пен өтірік ұнамайды. Сондықтан сіз өтірік айтып, екіжүзділік танытатын адамдарға жоламауға тырысасыз. Мұндай адамдар еш уақытта сіздің жаныңызда болмайды. Сіз өз жұмысыңызда өте әдісқой әрі жинақысыз.
Бей-берекетсіздік – бұл сіздің жұмыс үстеліңізден еш уақытта көрінбетін жайт. Бұл таң қаларлық жайт та емес. Себебі сіз - тәртіп пен реттіліксіз!
Егер сіз Қара қабылан болсаңыз:
Сіздің басты ерекшелігіңіз – құпиялылық. Сіз тіпті қысым көрсетіп жатса да кез келген жағдайды жеңіл еңсеруге қабілетті жансыз. Бұған қоса, сіз оны әдемі, талғаммен жасап, шектен шығып кетпейсіз.
Кейде сізге достарыңызбен аздап өсек айтқан да ұнайды. Бірақ, сіз мұның өзін әдемі әрі қысылып-қымтырылмай жасайсыз. Сізге барлығы да өзіңіз қалағандай жүзеге асқаны ұнайды, тіпті егер кей уақытта ол мүмкін болмаса да.
Нәтижесінде сіз өзіңізге қымбат кейбір адамдар мен дүниелерді жоғалтып алуыңыз да мүмкін. Дегенмен, қалған жағдайда сіз тамаша адамсыз, өмірлік қиын жағдайда адамдарға көмек көрсеткенді жақсы көресіз.
Егер сіз Маймыл болсаңыз:
Сіз өте шыдамсыз әрі гипербелсенді тұлғасыз.
Сіз барлық уақытта кез келген нәрсені барынша тез жасағанды қалайсыз. Ал жан-дүниеңізде сіз өте қарапайым адамсыз. Бірақ, жалпыға бірдей назардың дәл ортасында болғанды жақсы көресіз.
Осылайша, сіз бірегей адамсыз. Сіз қауіпсіздікте болғанды және күрделі жанжалдардан аулақ болғанды қалайсыз. Егер сіздің атыңыз қандай да дау-дамайда және өсек-аяңда естіліп қалатын болса, онда сіз абыржи бастайсыз.
Сондықтан сіз бастапқы кезеңнен-ақ жанжалды оқиғалардың алдын алуға және оның шектен шығып кетуіне жол бермеуге тырысасыз.
Кей кезде сіз бірдеңенің дұрыс болмай жатқанын алдын ала біле аласыз. Сіздің алтыншы сезіміңіз бар. Ол сізді құлдыраудан және тосқауылға түсіп қалудан құтқарады.