Транзиттік виза қай кезде беріледі? Ресейден шығып, Қазақстаннан өтіп, ары қарай басқа мемлекетке бару керек болғанда түрліше виза алу керек пе?
Олжас Майланов, Астана қаласы
ҚР Сыртқы істер министрлігі мамандарының мәліметінше, Қазақстан жағдайында транзиттік виза еліміздің аумағымен өткісі келетін, бірақ визасыз транзитке құқығы жоқ шетелдік азаматтар үшін беріледі. Бұл визаны алу үшін азаматтың жол жүру құжаттары, үшінші елге баруға рұқсат беретін куәліктері болуы керек. Транзиттік виза Қазақстан аумағынан өз автокөлігімен өткісі келетін шетелдіктерге де беріледі, ол үшін аталған құжаттарға қоса, көлік жүргізу куәлігі мен көлік құралына қатысы туралы құжаттары болуы шарт. Визаның бұл түрі шекарадан қанша мәрте өтетініне қарай түрліше берілуі мүмкін. Транзиттік визаны Қазақстанның шетелдегі консулдықтары береді, ал өз елінде Қазақстан консулдығы ашылмаған шетел азаматтары Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Өскемен қалаларындағы халықаралық әуежайларда орналасқан консулдық тұрақтарға өтініш бере алады.
Транзиттік визаны қалай алуға болады?
Последние статьи автора