Тотты қалай кетіреді?
Үйде болат, темірден жасалған кейбір заттарымды тот басып кетіпті. Оған қарсы дүкеннен сатып алған препараттарым еш нәтиже берер емес. Мұндай тотыққан заттарды қолдан тазалауға бола ма?
Серік БҰЛАНБАЙ, Алматы қаласы
Болат және темірден жасалған бұйымдардың тотын, яғни тотықтарын кетіру үшін ол заттарды керосинге малып алады немесе оған 2–3 рет керосин жағып, содан кейін шүберекпен ысқылап сүртіп тазалайды. Бұйымдарды аздаған көмір ұнтағы (күйесі) қосылған концентратты азот қышқылына малып, бір-екі минуттай ұстап, әуелі сумен, артынша 4 пайыздық сода ерітіндісімен, одан кейін тағы да сумен жуады. Металл бұйымдардың тот басқан жерлеріне цинк ұнтағын сеуіп, 10 пайыздық күйдіргіш натрий ерітіндісімен араластырып, ағынды сумен жақсылап жуып, құрғағанша сүртеді.