Тоталитаризм деген не?

Тоталитаризм деген не?

Газеттеріңіздің өткен нөмірінен Еуропалықтардың тоталитарлық жүйе мен фашизмді теңестіргені жөнінде ақпарат оқып едім. Маған тоталитарлық жүйені өз ішінен қалай бөлінетінін айтып бере аласыздар ма?
Болат ҚЫРҒЫЗБАЕВ


Тоталитарлық жүйеде билік өкілдері қо­ғамдық өмірді толығымен дерлік өз ба­қы­лауына алуға тырысады. «Тоталитар» сө­зі «толығымен», «жалпы» деген мағына бе­реді. Бұл ұғым алғаш рет ресми түрде ХХ ғасырдың басында италиялық фа­шизм­­нің өкілі Дж.Джентиленің аузынан шықты. Тоталитарлық жүйе орнаған мем­ле­­кет­­тер­дің әрбірінде өзіндік ерекшеліктер бо­лады. Сая­сат­тану ғылымы тоталитарлық жү­йені үш топқа бөліп қарайды. Алғашқысы – ком­­му­нис­­тік тоталитаризм. Бұл режим­де адамдар жекеменшікке ие бола ал­май­­ды, нәтижесінде, индивидуализм­ге шек­­теу қойылып, ұжымдық сананың да­муы­на ке­ңінен жол ашылады. То­та­ли­тар­лық жү­йе­нің келесі бір түрі – фашизм. Мұн­дай жү­йені бір кезде Италия мен Гер­мания ұс­танды. Ерекшелігі – халықты де­­мо­кра­тияға қарсы бағытта жүруге, жа­уын­гер­лік рух­қа, нәсілшілдікке, шо­ви­низм­ге тәр­бие­лей­ді.  Үшінші топқа ұлт­шыл-со­циа­лизмді жатқызады. Бұл идео­логияны III Рейх, яғни Гитлер сал­ған бо­ла­тын. Оның бойында фа­шизм­нің де ком­му­нис­тік тоталитаризмнің да ұс­та­ным­дары бар. Ерекшелігі – әлем­дегі барлық ха­лық­тардың арасынан бір нәсілдің өкіл­дерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында. Мұндай саясат Германиядан басқа елдерде үкі­мет ұстанымы деңге­йі­не көтеріле алма­ға­ны­мен, белгілі бір пар­тия, топ өкіл­де­рі­н­ің ұраны ретінде жиі көрініс беріп оты­р­ды. Атап айтқанда, вен­гр­лердің «айқыш жебе» партиясы, ру­мын­дардың «Темір гвардия», сондай-ақ француздар мен австриялықтардың да ара­сында болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста