Төле би тойы қалай өтеді?

Төле би бабамыздың Тараз қаласында өтетін 350 жылдық мерейтойында қандай іс-шаралар атқарылатын білсем деп едім.
Айнұр Асанкелді,
Жамбыл облысы
Төле би Әлібекұлының 350-жылдық ме­рейтойына арналған мерекелік іс-ша­ралар 24-26 қазан аралығында өтеді.
24 қазан күні облыстық драма театр­да белгілі жазушы-драматург Елен Әлім­жан­ның «Төле би» драмасының қойы­лы­мы болды. 25 қазанда Тараз қа­ла­сының Төле би даңғылы мен Жел­тоқ­сан көшесі қиы­лысында Төле биге ес­керт­кіш ашылады. Осы күні «Төле бидің қасиеттері мен өсиет­тері» республикалық жыр мү­шәй­ра­сының қорытындысы белгілі бо­лады. Со­нымен бірге «Баласағұн» орта­лық кон­церт за­лын­да «Төле би және оның ұла­­ғатты мұ­ра­ла­ры» тақырыбында рес­пу­бли­калық ғы­лы­ми-тәжірибелік кон­фе­рен­ция өтеді. Дәл осы күні Тараз қа­ла­сындағы орталық ста­дионда ме­рейтойға арналған қа­зақ­стан­дық эс­тра­да жұлдыздары га­ла-кон­церт­ке қа­тысады. 26 қа­зан­да Б.Мо­мыш­­ұлы атын­дағы атша­бар­да ұлт­тық ат спор­ты ойын­да­ры өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста